“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Танымның бар тамашасы-кітапта” атты онлайн семинар » «№15 Д.И.Менделееватындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Д.И.Менделеев атындағы
№15 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 56-32-13
Есепші бөлімі:
+7(72) 56-32-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Танымның бар тамашасы-кітапта” атты онлайн семинар
18
март
2021

“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Танымның бар тамашасы-кітапта” атты онлайн семинар

            Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты 15 мектеп-лицей ұжымы “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Танымның бар тамашасы-кітапта” атты онлайн семинарын өткізді.Семинар қалалық деңгейде тікелей эфирде жүргізілді.Семинардың алғашқы бөлігінде бастауыш сынып мұғалімі Гульзина Егеубаева Шакиратқызы педагог-зерттеуші біліктілігі бар ұстазымыз  “Оқуға құштар ұрпақты қалай қалыптастыруға болады?” тақырыбында үштік одақ бойынша ата-ана, оқушы, мұғалім арасында коучинг сабағын жүргізді.Сабақтың мақсаты оқушылар бойында оқулыққа деген сүйіспеншілікті арттыру және оқуға құштар ұрпақты қалыптастыру болды.
            Семинардың екінші бөлігін биология-химия пәнінің педагог-шебер Судьенкова Юлия Юрьевна  ұстазымыз   “Бейметаллдар тақырыбын көркем әдебиетпен байланыстыра” өткен сабағында әрбір химиялық тәжірибені көркем әдебиетпен ұштастыра жүргізді.Юлия Юрьевнаның бөліскен әдісі көңілімізден шықты. Әр сабақты көркем әдебиетпен байланыстырған оқушы бойында алғырлық, шешендік, ораторлық қасиеттердің басым екендігін байқауға болады. Сабақтың мақсаты оқушылар бойында оқулыққа деген сүйіспеншілікті арттыру және оқуға құштар ұрпақты қалыптастыру болды.
Еңбегіңіздің жемісін көріңіз әріптес! Шығармашылығыңыз шыңдала берсін!
#оқуғақұштармектеп_шымкент







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив