Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қаработа Бауыржан Шәмшідінұлы.1980 жылы туған. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. Дәрежесі – тарих ғылымдарының магистрі. Қазақстан Республикасының азаматы. Қаработа Бауыржан Шәмшідінұлы 1980 жылғы шілде айының 2 » «№15 Д.И.Менделееватындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Д.И.Менделеев атындағы
№15 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 56-32-13
Есепші бөлімі:
+7(72) 56-32-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қаработа Бауыржан Шәмшідінұлы.1980 жылы туған. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. Дәрежесі – тарих ғылымдарының магистрі. Қазақстан Республикасының азаматы. Қаработа Бауыржан Шәмшідінұлы 1980 жылғы шілде айының 2
02
ноябрь
2019

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қаработа Бауыржан Шәмшідінұлы.1980 жылы туған. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. Дәрежесі – тарих ғылымдарының магистрі. Қазақстан Республикасының азаматы. Қаработа Бауыржан Шәмшідінұлы 1980 жылғы шілде айының 2

Қаработа Бауыржан Шәмшідінұлы, - 1980 жылы туған. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. Дәрежесі – тарих ғылымдарының магистрі. Қазақстан Республикасының азаматы. Қаработа Бауыржан Шәмшідінұлы  1980 жылғы шілде айының 23 жұлдызында Қазақстан Республикасы бұрынғы Шымкент облысы, Бөген ауданы Қайнар елді мекенінде дүниеге келген. 1997 жылы орта мектеп қабырғасын аяқтағаннан кейін Халықаралық Қазақ Араб унивеситетіне оқуға түсіп 2001 жылы тарих мамандығын - үздік дипломмен бітірген.  Еңбек жолын 2001-2002 оқу жылы №64 Ж.Аймауытов атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясында мұғалім қызметінен бастаған. 2002 жылы өзінің отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін Қазақстан Республикасының құрлық әскері қатарында болған. Әскер қатарында жүргенде отан алдындағы өз міндетін қалытқысыз орындағаны, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып үздіктер қатарынан көрінгені үшін, әскери командирлер тарапынан жақсы мінездемеге ие болған. Әскерден оралған соң 2003-2005 жылдары өз жұмысына қайта кіріскен. Қызмет атқару барысында директорының ұсынысымен 2005 жылы Шымкент қаласындағы №15 Д.И.Менделеев атындағы мектеп-лицейіне тарих пәнінің мұғалімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  қызметіне ауысып, 14 жылдан бері осы ұжымда қызмет етеді. Мектепішілік «Жыл мұғалімі-2002» байқауының жеңімпазы, Шымкент қалалық «Өнерлі ұстаз-2003» байқауының ІІ орын иегері, Шымкент қаласының «Новатор ұстаз-2007» байқауының ІІІ орын иегері. 2015 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент филиалында І деңгей білікті мұғалімі сертификатын алды. 2016 жылы жаңартылған оқу бағдарламасын толықтай енгізуге байланысты «Мектеп үйлестірушісі» сертификатын алып мектебімізді осы жаңа бағдарлама бойынша жүргізіп келеді. 2017 жылы тарих пәні бойынша «жаңартылған оқу бағдарламасы» негізінде білімін шыңдады. 2018 жылы жаңартылған бағдарлама бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» бойынша педагогикалық шеберлік орталығында курстан өтіп, сертификат алды. 2015 жылы «Білім шыңы» халықаралық конференциясына қатысып, үздік мақаласы үшін «Білім шыңы» атты төс белгісімен және қалалық іс-шаралар мен мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін Тәуелсіздік мерекесіне орай «Ел Тәуелсіздігінің – 25 жылдығы» мерекелік төс белгісімен марапатталды. Сондай-ақ, білім, білік, тәжірибиесі мен өскелең ұрпаққа беріп келе жатырған өнегелі тәлім тәрбиесі және мектеп мұғалімдеріне үздіксіз үйретіп, әдіс тәсілдері мен білген оқу мен оқытудағы жетістіктерін бөлісіп жүргендігі үшін, мектеп басшылығы мен қалалық білім бөлімі тарапынан ұсынылып, 2016 жылы мұғалімдер мерекесіне орай «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды. Сондай-ақ, 2019 жылы ҚР тарихшылары арасында өткізілген «Жылдың 100 үздік тарихшысы» байқауына қатысып «Жылдың үздік тарихшысы» номинациясы бойынша төс белгімен марапатталды.  


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив